Шабаққа да бап керек

Шабаққа да бап керек

Биыл Бұқтырма су қоймасына 2,5 млн дана шабақ жіберілді. Сазан, карп және ақамур балықтарының шабағы. 

Су қоймасына арнайы балық өсіріп, шабақ жіберген – Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында орналасқан "Бұқтырма балық өсіру, уылдырық шашу шаруашылығы". Бұл мекеме қазірде облыс аумағындағы ең үлкен балық өсіру шаруашылығы саналады.

Бұқтырма балық шаруашылығы алдағы уақытта балықтың басқа да түрлерін өсіруді қолға алмақ. Бүгінде шаруашылық Аграрлық университет жобасы негізінде уылдырық шашу және өсірудің жаңа технологияларын енгізіп жатыр.

"Біздің Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" 1964 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір қазақстандағы ең ірі балық питомнигі. Жыл сайын біз ШҚО аумағындағы су қоймаларына 5 млн дана шабақ жібереміз. Балық әр түрінен. Шабақтардың орташа салмағы – 25 грамм.

Салыстыру үшін айтайын. Кеңес заманында бұл мекеме тек қана Шығыс Қазақстан бойынша, тек қана тұқы балығы бойынша 12 млн дана шабақ жіберетін. Оның ішінде жыртқыш балықтар да бар. Сондықтан көлемді әлі өсіру керек", - дейді мекеме директоры Сымбат Ануарбеков.

Оның айтуынша, қазір тұқы мен табын, ақ амур балықтарын өсірумен айналысып жатыр.

"Егер бәрі жақсы болып жатса әрі шекара ашылса, Ресей Федерациясынан қосымша балық әкелеміз. Бұл таза Сібір бекіресінің генетикалық тұқымдары.  Шығыс Қазақстанның суына бейімделген", - дейді ол.