Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: massaget.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!, - деп жазды.

Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленген еді.

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де өз әріптестерін Құтқарушылар күнімен құттықтады.

«Жыл сайын елімізде құтқарушылар өртке және жануға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 60 мыңнан астам шығу жасайды. Бұл ретте ведомстваның қызметкерлері жыл сайын 10 мыңнан астам адамды құтқарады. Құтқарушылар күн санап ерлік пен батылдық көрсете отырып, өз ісіне деген адалдықты көрсетеді. Сіздердің кәсіпқойлық, шапшаңдық, батылдық қасиеттеріңіз алдағы уақытта да төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға жəне құтқаруға қызмет етсін», - деп өз құттықтау сөзінде атап өтті.

Бүгінде азаматтық қорғау органдарында 30 000 жуық маман қызмет атқаруда.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында ТЖМ құтқару қызметтері (1995-2021 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 466 883 рет шықты. Олардың кәсіби қызметі мен жеделдігінің арқасында 389 017 адам құтқарылды, ТЖ әртүрлі аймақтарынан 353 973 адам эвакуацияланды, 61 362 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде 64 қызметкер көз жұмды.

Н. Үсенова