Солтүстікке қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Солтүстікке қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі
Фото: world-nan.kz

Қазақстан миграциялық саланы реттеу бойынша жаңа тұжымдама қабылдауы тиіс. Оның ішінде ішкі миграциялық саясатты да қайта жолға қою мәселесі тұр. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарға қоныс аударушыларға қолдау шараларын көбейту қажет.

Осылай дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында.

"Үкіметтің алдында солтүстікке қоныс аударушы азаматтарға жәрдемақы берудің жолдарын қайта қарастыру тапсырмасы тұр. Жәрдемақыны әкімдіктен және жұмыс берушінің есебінен беру жолдарын қарастыру қажет. Жеке шаруашылығымен, кәсібімен айналысқысы келген қоныс аударушыларға көмектесіміз керек", - деді президент.

Мемлекет басшысы сөз барысында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға тегін жер телімін беру керегін айтты.

"Үй салумен қатар, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында да жер берілуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ. Слямбек