Оқу жылы бекітілді: Биыл оқушылар мектепке барады

Оқу жылы бекітілді: Биыл оқушылар мектепке барады
Фото: massaget.kz

ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылы 27 шілде күнгі "Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 жылғы оқу жылын бастау мен жалғастыру, демалу кезеңдерін анықтау" туралы бұйрыққа қол қойды. 

Бұйрыққа сәйкес, биылғы оқу жылы 2021 жылы 1 қыркүйектен басталады. 1 сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды. 

Ал демалыс күндері мынадай:

- 1-12 сынып оқушылары күзде – 7 күн (2021 жылы 1-7 қараша), қыста – 11 күн (2021 жылы 30 желтоқсан мен 2022 жыл 9 қаңтар аралығы), көктемде – 12 күн (19-30 наурыз күндері) демалады.

- 1 сынып оқушылары қосымша тағы 7 күн демалады (2022 жыл 7-13 ақпан аралығы).

Бұйрық 2021 жылы 9 тамызда күшіне енеді.

Қ. Слямбек