Қазақстан вакцинаның тағы 8 млн дозасына тапсырыс берді

Қазақстан вакцинаның тағы 8 млн дозасына тапсырыс берді
Фото: total.kz

Қазақстанға тағы 8 млн доза вакцина жеткізілмек. Бұл жайлы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

"Коронавирус вакцинасын салдыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 5,5 млн адам вакцина салдырды. Бұл – жалпы халықтың 55 пайызы. Оларға барлығы 9,4 млн доза вакцина салынды. Екі компонентін де бірге салдырғандардың саны 3,9 млн адам", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қалған 4 млн азаматқа вакцина салу үшін 8 млн доза екпе керек. Қалған вакцинаны жеткізу бойынша келісімшарт жасалды.

Қ. Слямбек