Tokyo 2020: Рыпакова іріктеуден өте алмады

Tokyo 2020: Рыпакова іріктеуден өте алмады
Фото: Жеңіс Ысқабай

Жеңіл атлетика фавориттерінің бірі, қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова  үш қарғып секірудің іріктеу кезеңінен өте алмады. Әрі алғаш рет Олимпиада жүлдесінен құр қалып отыр.

Қазақстандық атлеттің ең жоғарғы нәтижесі 13,69 метр болды. Бұл көрсеткіш іріктеу кезеңінен өтуге көмектеспеді.

Айта кеткен жөн, Рыпакова Лондон Олимпиадасының алтын, Пекин Олимпиадасының күміс, Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне ие болған. 

Қ. Слямбек