Кенжебек Жанәбілов ER-BATYR жобасында бизнес және тәрбие туралы сөз қозғайды

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгіме барысында ол пандемия кезінде кәмпит сату бизнесімен қалай айналысқанын, көз тию деген не екенін, сондай-ақ карантин кезінде салтанатты кеште қалай ұсталғанын әңгімелейді.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20.00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыз. Сондай-ақ, сұхбатты "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында сағат 19.30-да тамашалауға болады. Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна", Vostok FM радиостанциясы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - ALTEL мобильді операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортшылар, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

ER-BATYR жобасының серіктесі - желінің барлық қолданушысына ұнайтын бірегей конструктор-тарифі бар Altel компаниясы. Онда қалта қақпайтын төлем үшін қажеттеріңізді таңдай аласыздар - сүйікті әлеуметтік желілерде, видео хостингтерде немесе онлайн ойындарда толық лимитсіздікті қосыңыз. Сондай-ақ, оған танымал онлайн кинотеатрлар немесе бірегей музыкалық хостинг қосуға болады.