А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-да коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізілді

А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-да коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізілді

Коронавирустық жұқпаға қарсы вакцинацияны №15 қалалық емхананың екпе бригадасы жүзеге асырды. Екпе жүргізудің алдында әрбір екпе алушыға вакцинаның құрамы және өндіруші ел туралы ақпарат, қажетті нұсқаулықтар берілді.

Қызметкерлердің таңдауына 4 түрлі вакцина – ресей вакцинасы Sputnik V, қазақстандық QazVac, араб-қытайлық Hayat-Vax, қытайлық corona-vac ұсынылды.

Вакцина алушылар екпе жайлы, сондай-ақ вакцинациялаудан кейінгі ықтимал реакциялар жайлы толық мәлімет алды. Аталмыш шараның алдында әрбір қатысушы сауалнама парағын толтырып, қарап-тексеруден өтті. Сонымен қатар әр қызметкер профилактикалық екпе жүргізуге жазбаша түрде ерікті ақпараттық келісім толтырды. Вакцинация дәрігердің екпеге рұқсат етуді рәсімдеуінен кейін ғана жүргізілді.

Вакцинацияға профилактикалық екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар ғана жіберілді. Қызметкерлер қай елдің вакцинасын алатындарын өздері таңдады. Басым бөлігінің таңдауы араб-қытайлық Hayat-Vax вакцинасына түсті.

А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО
баспасөз қызметі

Н. Үсенова