20 маусымда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады

20 маусымда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады
Фото: Алматы марафон

Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатындығы туралы хабарлайды.

20 маусымда Алматы жартылай марафоны өткізілетін уақытта сағат 00:00-ден 12:30-ға дейін жартылай марафонның жүгіру қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 07:00-ден 12:00-ге дейін қозғалыс жабылады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Навои көшесінен бастап Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 06:30-дан 08:00-ге дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Саин көшесі Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағ. 07:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сейфуллин даңғылының бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағ. 07:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін сағ. 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

2021 жылғы Алматы жартылай марафонына жолдарды жабу кестесі (20.06.2021)

Тұңғыш Президент саябағына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1.   Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
2.   Навои көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
3.   Садықов көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
4.   Дулати көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін.
5.   Саин көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтындығын ескертеміз.

Естеріңізге сала кетейік, 20 маусымда (жексенбі) төртінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Спорт әуесқойларына 4 жүгіру қашықтығы ұсынылған — 21 км, 21 км (экиден эстафетасы), 10 км, 10 км скандинавиялық жүру.

Қатысушылардың жас мөлшері – 15 жастан жоғары. Сөре Тұңғыш Президент саябағында. Мәре Орталық Стадионда.

Сөре уақыты:

07:00 - 10 км-ге жүгіру қашықтығының сөресі
08.00 - 21 км-ге жүгіру қашықтығының сөресі

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Н. Үсенова