Қазақ газеттері – бір бренд

Қазақ газеттері – бір бренд

Мемлекеттік баспа басылымдардың барлығы біріктіріліп, "Қазақ газеттері" атты бірыңғай брендімен жұмыс істемек. Бұл жайлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жақында елдің басты ақпараттық ресурстарын модернизациялау мен оңтайландыру саласында ірі жаңалық орын алды. Ол – "Egemen Qazaqstan" және "Казахстанская правда" газеттерінің бірігуі еді.

"Сол сияқты басқа да мемлекеттік баспа басылымдар 2021 жылдың соңына дейін түгел біріктіріліп, "Қазақ газеттері" атты бір брендтің қоласында жұмыс істейді. Оған "Egemen Qazaqstan" ГР" АҚ пен "Қазақ газеттері" ЖШС біріктіріледі. Бұл шаралар мемлекеттік баспа басылымдарына жаңа бірлескен жобаларды қолға алып, іске асыруына мүмкіндік береді", - деп атап өтті  министр.

Қ. Слямбек