Ауа райы болжамы: Ертең елде күн ысиды

Ауа райы болжамы: Ертең елде күн ысиды
Фото: kurgan.bezformata.com

Қазақстан синоптиктерінің хабарлауынша, ертең кей өңірде жауын-шашын болуы мүмкін. Бірақ күн ыситын аймақ көбірек.

"Қазақстанның көп бөлігінен атмосфералық құбылыс орнауына байланысты кей жерде жауын-шашын, кей жерде бұршақ жауу мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстік-шығыс өңірді тұман басады", - дейді Қазгидромет.

Мәселен, Жамбыл мен Қызылорда облысының кей жерінде жел күшейіп, 15-20 м/с-қа жетпек. Күндіз жауын. Жамбылда бұршақ жауу мүмкін. Солтүстік Қазақстанда жауын-шашын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде тұман тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе және Ақмола, Қостанай облыстарында жауын-шашын тұрады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Қарағанды мен ШҚО-да жел тұрады. Қарағандыда – жауын жауады.

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақмола, БҚО мен Алматы облыстарында күн ысиды. ШҚО, Жамбыл, Атырау, Түркістан, Қостанай облыстарында өрт қаупі басым.

Қ. Слямбек