Аралар арасындағы Анджелина

Аралар арасындағы Анджелина

Танымал голливудтық актриса Анджелина Джоли ара үйірімен фотосессия жасады. Мақсаты – осы бір жәндіктің жойылып бара жатқанына әлем назарын аудару. Бұл жайлы National Geographic журналы жазды.

Видеоның бэкстейджі әлеуметтік желіде жарияланды. Түсірілім ұйымдастырушыларының айтуынша, фотосессия сәтті өткен әрі зардап шеккендер жоқ.

"Алаңда жүрген түсірілім тобы түгелдей қорғаныш костюм киді. Тек Анджелина киюден бас тартты. Түсірілім өте тыныш әрі қараңғы жерде өтті. Араны шошытып алмауға тырыстық. Анджелина араларды үстіне қондырып, 18 минут бойы тапжылмай тұрды", - дейді ұйымдастырушылар.

Актрисаның денесіне арнайы феромон жағылған. Аралар соған қарап ұшып қонған. Ал Анджелинаның өзі бұл іс-шараға араласқанына дән разы.

Қ. Слямбек