"Мәңгілік полк онлайн" басталуына санаулы күн қалды

"Мәңгілік полк онлайн" басталуына санаулы күн қалды

Өткен аптада 3000 астам қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне басталған интерактивті акцияны қолдады. Тікелей трансляция басталуына екі күн қалды. Ұйымдастырушылар «Мәңгілік полк онлайн» шарасы өтетін парақшадан кері санауды қосып та үлгерді. 

Salem social media командасы тікелей эфирді 9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 10.00 де бастайды. Трансляция “Жұлдыз FM”  және Vostok FM радиоларының қатысуымен Aitube.kz, Tengrinews.kz, “Экспресс-К”, Massaget.kz сайттарында бір уақытта жүреді. Батырлар туралы естеліктер мен суреттерді salemsocial.kz/76 сайты 9 мамырға дейін қабылдайды. Қатысу үшін сайтқа кіріп, өтініш қалдыру керек. Сайт осымен екінші жыл қатарынан Ұлы Отан соғысы ерлерінің суреттерімен толығып, аталарымыздың мәңгі құнды ерлігінің онлайн журналына айналды.

Биыл ұйымдастырушылар командасы ардагерлерді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі және ҚР Ұлттық Ұлан оркестрімен біріге отырып құттықтап, оларға Алматы қаласының Алмалы және Медеу аудандарының әкімдігі қолдауымен бейбіт аспан мен тыныш өмір үшін алғыс білдіреді. Тікелей эфир аясында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының онлайн шеруі өтеді, майдан әндері орындалады, жұлдыздар мен ардагерлердің құттықтаулары болады. Ұлы Отан соғысы батырларын бірге құттықтайық!

 

Н. Үсенова