Баланың оқуға деген ынтасын қалай ашу керек? Сарапшылар балаларға арналған кітаптар туралы сөз қозғайды

Баланың оқуға деген ынтасын қалай ашу керек? Сарапшылар балаларға арналған кітаптар туралы сөз қозғайды
Фото: tengrinews.kz

Балада оқуға деген табиғи сүйіспеншілікті қалай дамытуға болады? Балаларды гаджеттерден қорғауға бола ма? Отандық авторларға көбірек әдебиет шығаруға не кедергі? I-BALAQAI шығарылымында сарапшылар пікірін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund.

Ақпараттық серіктес – "Вконтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес береді. 

Бүгін, 1 сәуір, 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Балалар әдебиеті туралы отандық заманауи ертегілердің авторы Джан Амани (Jan Amany), психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалды психолог, ресейлік гестальт терапевт Ирина Млодик, клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза сөз қозғайды.

Жүргізуші – журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, пайдалы мақала, видео және басқасы шығады. 

Жоба туралы толығырақ Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасынан қарауға болады.

Түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін RTS Decaux компаниясына алғыс білдіреміз.

Н. Үсенова