Алматыда карантин шектеулері ұзартылды

Алматыда карантин шектеулері ұзартылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, карантин шектеулері 12 сәуірге дейін ұзартылды.

Қаулыға Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайының одан әpi нашарлауы, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында және мектеп жасындағы балалар ауруының жоғарылауына байланысты қол қойылғаны айтылады.

Карантин шектеулері эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзартылып отыр. Жандарбек Бекшиннің қаулысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

1) Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО және техникалық жэне кәсіптік білім беретін ұйым студенттері үшін қашықтан оқыту форматына көшіру;
2) Ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін;
3) Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің cақталуына күнделікті мониторинг жүрізуді қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Н. Үсенова