Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 13 наурыз күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қостанай және түнде Талдықорған қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Г. Берік