izi цифрлық операторы мен Coca-Cola тегін гигабайттар сыйлайды

izi мобилді цифрлық операторы сергітетін дәмге ие Coca-Cola-мен бірге тегін интернет ұсынады. Енді сіздің сүйікті сусыныңыздың әрбір бөтелкесі izi мобильді интернет-трафигін ұтып алуға мүмкіндік береді.

Тегін интернет 0,5 литрдегі Coca-Cola, қантсыз Coca-Cola, Fanta және Sprite бөтелкелерінің әр қақпағының астында болады. Ол жерден сыйлық кодтарын таба аласыз. Тағы бір айта кететіні izi сыйын алу үшін күміс түсті қақпағы бар бөтелкедегі сусынды таңдау керек. Оны ашып 1-ден 10 гигабайтқа дейінгі трафикті жеңіп алып, izi қосымшасы арқылы іске қосу қажет.

Жүлделі трафик көлемі кездейсоқ анықталады. Бір промокод 1 ГБ, 2 ГБ, 5 ГБ немесе 10 ГБ интернет-трафик сыйлауы мүмкін. Сәттілік серік болсын десеңіз, әр бөтелке қақпағына жіті мән беріңіз. Айрықша акцияға izi абоненттерінің бәрі қатысады. Сондай-ақ бір абонент 100-ге жуық промокод жібере алады. Акция 2020 жылдың 17 қарашасында басталған, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін промокодтарды жіберіп, қатысуға болады.

Тегін трафик алу өте оңай, ол үшін:

- ыңғайлы әрі тиімді izi қосымшасын жүктеп алыңыз.

- Cola, қантсыз Coca-Cola, Fanta және Sprite сусындарын ішіп, сергектікті сезініңіз.

- қақпақ астынан промокодты іздеңіз.

- izi қосымшасындағы Store бөлімінен «Әр қақпақ астындағы интернет» акциясын тауып, промокодты енгізіңіз.

- Тегін трафикті иеленіп, жұмыс пен оқуға, туған-туыс пен достармен байланысу үшін пайдаланыңыз.

izi – 2019 жылы Қазақстанда іске қосылған цифрлық мобильді оператор. Өзге мобильді операторлардан ерекшелігі – бар қызметін онлайн ұсынады. Бұл қолданушылар үшін ыңғайлы әрі жайлы. Қызмет көрсету кеңселеріне барып уақыт жоғалтпай, мобильді қосымшасы арқылы бар шаруаны шешуге болады. Мұнда ұзақ уақыт жауап күттіріп қоятын call-орталық емес, арнайы чат-қолдаушы жұмыс істейді. Тағы бір айта кететіні, izi мобильді операторында абоненттік төлем мен пакеттер қашан тауысқаныңызға дейін толық сақталады.

Айта кетейік, izi желтоқсан айында онлайн-конференция сервисі үшін шексіз лимит қызметін іске қосқан еді. Бұл студенттер мен қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің байланыс жайлы алаңдамауына болатынын байқатқан болатын.

izi мобилді цифрлық операторының сайты: https://izi.me/cocacola

Мобильді қосымшасын жүктеу:

iOS  https://apps.apple.com/ru/app/izi-mobile/id144672846

Android  https://play.google.com/store/apps/details?id=com.veon.izi&hl=ru&gl=US