Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты мақұлдады.

"Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21", - деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болған еді.

Н. Үсенова