I-BALAQAI арнайы шығарылымы: Қазақстандық балалар махаббат, арман және COVID-19 туралы

I-BALAQAI жобасының "Балалар не туралы айтады?" арнайы шығарылымының кішкентай қонақтары армандары, не жақсы көретіндерін, қандай күш иесі болуды қалайтынын, олар үшін махаббат деген не екенін және олар неліктен анасы мен әкесіне ашуланатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Ересектердің сұрағына Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп оқушылары жауап берді. Балалар көбіне мысығы мен телефоны болғанын қалайтынын, бірақ ең бастысы - отбасы екенін ұмытпайтындарын айтты. Сондай-ақ олар пандемия, COVID-19 және санитарлық нормаларға қатысты ойын айтты.

Мектеп әкімшілігіне түсірілім жасау үшін локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.