Қазақстанда 2021 жылы айлық есептік көрсеткіш қанша теңге болады?

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақсанда АЕК мөлшері артты, сәйкесінше зейнетақы, жәрдемақы мен түрлі төлемдер мөлшері де өсті. Биыл АЕК 2917 теңге болады. Былтыр 1 қаңтар-1 сәуір аралығында АЕК мөлшері 2651 теңге, 1 сәуірден бері 2778 теңге болған еді.

АЕК-тің өсуіне байланысты зейнетақы 7%, мүгедектерге, асыраушысынан айрылғандарға, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 5% артады. Бірақ ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады – 42 500 теңге.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді. Былтыр ол 32 668 теңгеге болған еді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 524 ​​теңгеге дейін өсті. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін артты.