I-BALAQAI Қазақстандағы талантты балалар туралы арнайы жоба ұсынады

I-BALAQAI Қазақстандағы талантты балалар туралы арнайы жоба ұсынады

Alash Media Group медиахолдингі Damin Group-пен бірлесіп еліміздегі дарынды балалар туралы Aina-LINE арнайы жобасын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Aina-LINE - балаларға, жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған бағдарлама. Спикер ретінде тек балалар емес, сондай-ақ ата-аналар келеді, жүргізуші Асхат Абжанов отбасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керегін, балаларды қалай тыңдау керегін, ал ата-аналарға балаларды толыққанды отбасы мүшесі ретінде құрметтеуге және түсінуге қалай көмектесуге болатыны туралы талқылайды.

Aina-LINE - балаларды өз күшіне сенуге үйрететін, оларға өз дарынын дамытуға көмектесіп, олардың шекараларын айқындауға және нәтижелі болуға үйрететін жоба.

Жобаның алғашқы шығарылымын бейсенбі сағат 20:00-де IBALAQAI YouTube-каналынан өткізіп алмаңыздар. Жаңа шығарылым қонағы - танымал видеоблогер Аминка Витаминка - Амина Малғаждар және оның анасы.  

Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың сөзінше, Aina-LINE жобасы тұлға болып қалыптасуда баланың дарыны мен қандай да бір мәселе пайда болатын ауыр кезеңнен өтетін жасөспірімдерге арналған. 

"Бір жағынан бұл өте қызық, ендігі бір жағынан, бұл - жауапкершілік, сондықтан сол сәтте көмектесу керек. Ролдік модель, белгілі бір көкжиек қалыптастыру - бұл жас аралығы үшін маңызды, себебі балалар басқаша психологиялық және менталды ойлау кезеңінен өтеді", - дейді ол. 

Montessori Qazaqstan қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайыновтың айтуынша, Aina-LINE деген ат бекер таңдалмаған. 

"Айна" - айна, ал line - сызық. Біздің балаларымыз - ата-ананың, ересектің, педагогтың айнасы, біздің балаларымыздағы бар проблема - біз арқылы пайда болған проблемалар. Балалар ересектер секілді отбасының толыққанды мүшесі. Олардың дауыс беру құқығы бар және ата-аналар соған назар аударса дейміз", - дейді ол.

"Жетінші арнаның" бас директоры Сергей Майборода баланың дарынын ашу - жобаның негізгі мақсаттарының бірі екенін айтады. 

"Мәселе сол дарынды қалай ашуда. Ол жайдан жай ашыла салмайды. Ол үшін ең алдымен орта, коммуникация қажет. Бұл жерде ата-аналар мен қоршаған әлем үлкен роль ойнайды", - дейді Сергей Майборода.

"Айналайын" - елімізде әрбір ана білетін ерекше қазақ сөзі. Оның мағынасы әркімге түсінікті. Жобаның мақсаты - балаларды тыңдау. Балалар не ойлайтынын, нені уайымдайтынын, не армандайтынын түсіну. Біздің мақсатымыз - ата-ана мен балалар арасындағы өзара түсіністік көпірін орнату", - дейді Асхат Абжанов. 

I-BALAQAI-дың Instagram желісіндегі парақшасына жазылып, соңғы жаңалықтардан, оқиғалар мен ұтыс ойындарынын хабардар болыңыз. 

Massaget