Алаяқтық эпидемиясы: ақшаны алаяқтар құрбанына айналмай қалай сақтауға болады?

Осы «тәжді» жыл күнделікті өмірдегі үйреншікті дағдыларымызды өзгертуге мәжбүрлік тудырып қана қоймай, психоэмоционалдық жай-күйімізге де айтарлықтай әсер етті. Жанға жай таптырмайтын толассыз ақпараттар шырмауында санамыз ауытқып, сақтық шараларымыз босап тұрғанын пайдаланатын «бөтен ақшаға көз салатындар» осы бір әлсіз жерден бас салатыны тағы бар. Банктік қауіпсіздік саласындағы сарапшылар халық ішіндегі бүлікті немесе дабыр жағдай мен оны өз пайдасына шешкісі келетін алаяқтардың қатар жүретінін бұрыннан-ақ заңдылыққа теліген еді. 

Коронавирус – алаяқтардың желкеніне ескен самал болды

Коронавирус өз ісінде «шеберлік» танытып жүрген алаяқтар үшін нағыз оңтайлы жағдайға айналғаны рас. Көптеген ақша операцияларының онлайн режимге көшуі, қашықтағы арналар қызметін пайдаланушылардың әлі де ол бойынша ақпаратты жетік меңгермеуі, сондай-ақ көп халықтың бойындағы артқан үрей сезімі олардың ісін тіпті жеңілдетіп жіберді. АТФБанктің қауіпсіздік қызметі мамандарының пікірі бойынша АТФБанктің барлық төлем карталарына қамтамасыз етілген бірнеше деңгейлі қорғаныстан өткенше клиентке «басып кіру» оңайырақ.  Алаяқтық операциялар тәуекелі пайдаланушы өзі танымайтын адамдарға құпия ақпараттарды мейлі тіпті байқаусыздан, білместіктен болсын жайып салған кезде орын алады. Сондықтан да, алаяқтардың құратын торының басым бөлігі осы әлеуметтік инженерияға немесе басқаша айтсақ адамды психологиялық тұрғыдан манипуляциялау жолын пайдалана отырып тонауға құралады.

Сонымен, өзіңді қалай қорғауға болады және алаяқтардың құрығына түспеудің қандай жолдары бар?

Кейс 1 – Жалған банк қызметкерлері

Алаяқтықтың ең көп тараған сценарийі телефон арқылы дербес мәліметтерді, төлем карталарының мәліметтерін, кодын және паролін жинау болады. Бұл жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстарады және онлайн-операция өткізу үшін мәліметтерді нақтылау қажеттілігі турлы айтады. Әдетте жалған банк қызметкері кенеттен орын алған банктің тежелуі, қате кредит берілгені, интернет-банкингтегі жеке кабинеттің бұзылуы, күмәнді транзакция орын алғаны және оларды жылдам түзеу үшін sms арқылы келген кодты немесе карта мәліметтерін айту қажеттілігі туралы айтып қоңырау шалады. Олар сондай-ақ осы жағдай толық анықталғанға дейін картадағы ақшаны, сосын кейін алу мүмкін емес басқа шотқа аударуды ұсынуы да мүмкін. Әңгімелесу барысында олар адамды эмоционалды ауытқу күйіне түсіру үшін үгіттеуі, қорқытуы, үрейін ұшыруы да ғажап емес, адам бұндай кезде әдетте ойланбастан әрекетке көшіп кетеді.

Осындай қоңырауға ең дұрыс жауап, бірдан байланысты үзіп, АТФБанктің тәулік бойы қызмет көрсететін байланыс орталығына 2424 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз. Кері байланыс емес, міндетті түрде нөмірді қолмен теріңіз. Оператор сіздің банк жүйесіндегі мәліметтеріңізді тексеріп, ақпараттың жалғандығы туралы айтуға тиіс. Есіңізде сақтаңыз, банк картасы деректемелері, оның нөмірі, қолданыс мерзімі, cvv/cvc код, код сөзі, пароль, пин, смс немесе push-хабарлама арқылы келетін код, осының бәрі – сіздің ақшаңызды алатын кілт. Нағыз банк қызметкерлері олар туралы ешқашан сұрамайды.

Кейс 2 – Интернеттегі алаяқтық

Әлеуметтік желілердегі Банк сайттарының клондары мен аккаунттар, керемет ұтымды акцияларға қатысуға шақыратын немесе сайттарға өту үшін сілтемелер берілген есепке алу жазбасы мәліметтерін «растауды» сұрайтын, онда әртүрлі сылтаулармен банк картасы мәліметтерін енгізуді ұсынатын email-хабарламалар және таратпалар, осылардың бәрі – фишинг немесе алаяқтық әрекеттер түзілімі. Осылай алданып, алаяқтар азығына айналмас үшін сайттың мекенжай жолдарындағы және әлеуметтік желілердегі аккаунттардың атауындағы әрбір әріптің жазылу реттілігін мұқият тексеріңіз, сонымен қатар браузердің мекенжай жолында «https://» символдар комбинациясынан құралуына жіті назар аударуды сұраймыз. Сонымен, АТФБанктің ресми ресурстары:

- корпоративті  сайт - https://www.atfbank.kz/,

- жеке тұлғалар үшін интернет-банкинг - https://www.atf24.kz/

- ЖК арналған интернет-банкинг - https://atfbusiness.kz/ и https://business.atfbank.kz/,

- заңды тұлғалар арналған интернет-банкинг - https://atfonline.kz/.

- әлеуметтік желілердегі беттер - https://instagram.com/atfbank және https://www.facebook.com/atf.online/  

Сонымен қатар, егер қоғамдық орындардағы Wi-Fi  арқылы онлайн-банкингті пайдаланумен сауда жасамаған болсаңыз, әртүрлі қосалқы күмәнді құрылғылар орнатылған банкоматтардан ақша шешпесеңіз, қолма-қол ақшасыз төлем жасау барысында картаны көзіңізден таса қалдырмасаңыз картаңыздың қауіпсізіздігі туралы қорықпасаңыз да болады. Картаңызды әлеуметтік желілер және мессенджерлерде фотоға түсіріп бөлісуден аулақ болыңыз, сондай-ақ банктік картаңызды жоғалтқан болсаңыз, дұрысы оны бұғаттап, жаңасын шығаруға тапсырыс беріңіз, өйткені оны кейін қайтарып бергеннің өзінде де, кері жолда ол алаяқтардың қолына түспегендігіне ешбір кепілдік жоқ.

Алаяқтарға қарсы тұру жолында АТФБанк және оның клиенттері бір командада. Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында банк ең соңғы деген цифрлық шешімдерді қолданады, оның өзі де қазіргі таңда банк өнімдерін қолданушыларды жағымсыз жағдайдан қорғану үшін арнайы жасалған қарапайып ережелерді орындау міндеттерінен босатпайды.