Massaget.kz порталына 9 жыл толды

Massaget.kz порталына 9 жыл толды
Фото: massaget.kz

Бүгін Massaget.kz сайтының ашылғанына 9 жыл толды. 2011 жылы 16 желтоқсанда құрылған сайт жыл сайын оқырмандарға есеп беріп отырады. Ендеше 2020 жылы қандай жаңалық болды?

Биыл сайттың дизайны жаңарды. Оқырмандардың мақала оқып, блог жазуына барынша ыңғайлы болуы үшін жаңа дизайн жарты жылдан астам уақыт жасалып, жетілдірілді. Бөлімдер, айдарлар ықшамдалып, басты бетте негізгі жаңалықтар мен мақалалар, "Таным", "Тұғыр", "Ең қызық блогтар", "Сұрақ-Жауап", "Massaget TV", "Фоторепортаждар" бөлімдері орналастырылды.

Сонымен бірге Massaget.kz Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари жасады. Портал басшылығы, арт-директор Ернар Алмабек, контент-менеджер Томирис Есқали және арнайы жобалар директоры Ербол Молдажан мұрындық болған жоба барысында эпопеяның барлық 28 тарауына видео жасалып, Massaget TV YouTube-каналына жүктелді.

Сайт жыл бойы танымдық бағыттағы мақалалар жариялап, әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Тұрақты блогерлер жаңа жазбаларымен қуантып, ортамызға жаңа блогерлер қосылды. Осы ретте жазары бар, айтары бар әр қолданушыны біздің сайтқа тіркеліп, жеке блогыңызды, шығармашылығыңызды жариялауға шақырамыз.

Жыл сайын порталымызда түрлі жобалар қолға алынып, әртүрлі байқаулар ұйымдастырып келеді. 10 жылдыққа қадам басқан шақта да бұл үрдіс тоқтап қалмайды. Massaget.kz жастар порталы алдағы уақытта бұдан да қызық мақалаларымен, жаңа, тың жобаларымен оқырмандарды қуантады. Бізбен бірге болыңыздар достар!

9 жылдық мерейтойға орай Massaget.kz порталы оқырмандарына смартфон сыйлайды. Қатысу үшін @massaget.kz Instagram-парақшасына өтіңіз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz танымдық порталы (@massaget.kz)

Massaget