Дәрігер балаларды емдеу туралы сауалдарға жауап береді. Аңыз бен шынайылық

Ата-аналар баласын емдеуде жиі жіберетін қателер. D дәруменін барлық қазақстандық ішуі керек пе? Ақпараттық салада денсаулық туралы әңгіме кезіндегі "инфодеменция" деген не? I-BALAQAI жобасында отбасылық дәрігер Дмитрий Киреев ересектерді жиі алаңдататын бала денсаулығы мәселесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Эфир қонағы "Бала денсаулығы. Аңыздар мен шынайылық" атты тақырыпта сөз қозғайды және баланың иммунитетін қалай көтеруге болатынын айтады. 

Дмитрий Киреев америкалық отбасылық дәрігерлер қауымдастығының (AAFP) мүшесі.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкенімен бірлесіп сертификаттар ойнатылады. Ұтыс ойынына I-BALAQAI-дың Instagram-дағы парақшасына жазылып, қатыса аласыздар. 

Marwin family shop және Меломан сауда желісінің дүкендеріне сертификат ұсынғандары үшін алғыс білдіреміз.