Mastercard Black Edition мәртебелі картасымен қалай миллионер атануға болады?

Mastercard Black Edition мәртебелі картасымен қалай миллионер атануға болады?

Миллион ақша кімнің болмасын, мейлі ол шіріген бай болсын, қоңыр тіршілігі бар шаруа болсын, тақиясына тар келмесі анық. Ал оны жай ғана ұтып алғысы келетіндер қаншама? Сыйлыққа болса, тіпті жақсы. Бүгінгі таңда  ол – шындық! Қалай? АТФБанктен Mastercard Black Edition мәртебелі картасын ашып, оны барынша белсенді қолдансаңыз болғаны.

Спойлер: АТФБанктен Mastercard Black Edition мәртебелі картасы – ақшаны жақсы тауып, оны есептей білетіндер үшін ұтымды шешім.

АТФБанк және Мastercard халықаралық төлем жүйесінің бірігіп шығарған акциясының басталғанына да міне жарты жылдай уақыт болды. Оған қатысу шарттары өте қарапайым – бұл жерде ақшалай сыйлықтар ең белсенді Mastercard Black Edition пайдаланушылары арасында ойнатады. Ай сайынғы ұтыс ойнының нәтижесі бойынша 100 жеңімпаз 10 000 теңгеден алады.

Бірақ ең басты қызық алда! Жуырда барлық қатысушы үшін ең толқынысты сәт орын алмақ, өйткені соңында қомақты сыйлықтар - 1 миллион, 800 мың және 500 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар ойнатылады! Ең бақытты жеңімпаздар, яғни үш жеңімпаз жаңа жыл қарсаңында, атап айтсақ 28 желтоқсанда рандом арқылы анықталатын болады, ол дегініміз Mastercard Black Edition ұстаушыларының барлығы да миллион алуға үміткер екенін білдіреді. Мәртебелі банк картасы «сәтті лотерея билетіне» қалай айналуы мүмкін? Оны білу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Акциялар мен сыйлықтар, әрине жақсы, алайда Mastercard Black Edition картасының өзі неліктен өте тиімді? Бұл картаның артықшылықтары өте көп. Картаның ең басты ерекшілігі - кең қамтылған сервис және функционалдарды пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ оның бірқатар артықшылықтарына назар аударайық:

• тиімді шарттар – әлем бойынша орнатылған банкоматтардан қолданыстағы лимит шегінде қолма-қол ақша алғанда және аударымдар жасағанда комиссия ұсталмайды, әр жасаған саудадан жоғары 5% дейінгі кэшбэкті таза ақшамен ала аласыз, дүние жүзі бойынша мейрамханалар, фитнес-клубтар, сауда орындарына барғанда қосымша жеңілдіктер ұсынылатын болады және Шымбұлақ тау-шаңғылық курорты мен Горький теннис паркіндегі Mastercard бизнес-залдарын пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған.

• мультивалюталы – ақшаны бір уақытта теңгемен, америка долларында, еурода, ресей рублі мен британ фунттарында сақтау мүмкіндігін әдетте көп саяхат жасайтындар немесе бизнесін шетелдік серіктестерімен бірлесіп жүргізетіндер жоғары бағалайды.

• жайлылық және қауіпсіздік – біріншісіне арнайы қызметтерді, мысалы консьерж-сервис,  Mastercard бойынша VIP-залдар, Бизнес-залдарды пайдалану және дүние жүзі бойынша әуежайларда жылдамдатылған паспорттық тексеру қызметтерін жатқызуға болады. Екіншісіне келсек, шетелге көп шығатын клиенттеріміз кенеттен орын алатын оқыс оқиғалардан сақтану жолында Mastercard-тың клиенттерге жаһандық қолдау көрсету қызметіне сенім арта алады.

Жалпы клиенттер АТФБанк ұсынған Mastercard Black Edition мәртебелі картасын пайдалану кезінде айтарлықтай басымдықтарға ие болады. Карта бір болғанымен, оның артықшылығы бірнеше! Ашыңыз, пайдаланыңыз және ұтыңыз! Сәттілік!

Cеріктес материалы

Н. Үсенова