izi онлайн-конференцияларға арналған лимитсіз қызметті іске қосты

izi онлайн-конференцияларға арналған лимитсіз қызметті іске қосты

Қашықтан жұмыс істеп, оқу нормаға айналып кетті. Біздің кездесу өткізіп мен сабаққа қатысқан уақытымыз қазір онлайн-конференция сервистеріне алмасты. Zoom, Microsoft Teams, Skype – таңдау көп. Бастысы байланыста болып, маңызды нәрсені өткізіп алмау және соның барлығына бүкіл интернет трафикті құртып алмаған жөн.

Бұл әсіресе студенттерге маңызды. Үйдегі интернет шамадан көп жүктемелердің әсерінен нашар жұмыс істеп, тіпті кейде өшіп қалуы да мүмкін. Сондықтан қашықтан оқып жатқан кейін жастар, оқушылар жаңа пакетті қосуға немесе ұялы телефоннан интернет таратуға мәжбүр болады. Таныс жағдай болар? Мысалы Zoom мобильді трафикті тез жұмсайды және әдеттегі тарифтік жоспар жеткіліксіз болып жатады. Оған қосымша ақы төлеу керек және бұл әдеттегідей ең қолайсыз сәтте болып қалады.

Байланысты қалай үзіп алмай, әрдайым онлайн отыруға болады? Қазақстандағы цифрлық мобильдік оператордың жаңа қызметі izi meet-ті қабыл алыңыз. Енді кез келген қазақстандық трафикті жұмсамай-ақ дәріс тыңдап, әріптестерімен сөйлесіп, достарымен онлайн кездесе алады! izi-дің лимитсіз қызметінде мына қызметтер бар: Skype, Zoom, Microsoft Teams, WebEx және Google Meet. Бұлар біздің жаңа жағдайда адамға қажет болуы мүмкін бес танымал онлайн-конференция қызметтері.

izi пайдаланушысына бір жерге барудың немесе call-орталыққа қоңырау шалудың қажеті жоқ, цифрлық оператордың барлық қызметі қосымшада жасалып, басқарылады. izi meet-ті қосымшаның негізгі бетіндегі "Қолжетімді қызметтер" бөлімінен тауып, "Қосу" батырмасын басыңыз. Енді сіз онлайн конференцияға қанша қатысамын десеңіз де өзіңіз білесіз. izi meet қызметінің құны – айына 300 теңге және оған сервистердің стандарт жиынтығы кіреді. Жеке қызметтерді қосып, өшіруге болмайды, бірақ бұл қажет те емес – izi meet-те сізге қажет нәрсенің бәрі төмен бағамен тұр.

izi – былтыр жазда іске қосылған, жайлы қызмет пен жылдамдықты бағалайтын қазақстандық жастар арасында үлкен танымалдыққа ие болған цифрлық мобильді оператор. izi-дің басқа интернет-провайдерлерден ерекшелігі – барлық қызмет онлайн ұсынылады. Жаңа қазақстандық оператор қызмет көрсету кеңселерінің орнына мобильдік қосымшаны, ал call-орталықтардың орнына чатты пайдаланады. izi – бұл абоненттік төлемсіз және тез бітетін пакеттерсіз мобильді байланыс. Қосылыңыз да, игілігіңізге пайдаланыңыз!

Серіктес материалы


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар