Пандемия жағдайында қашықтан оқу қалай жүзеге асырылып жатыр?

I-BALAQAI жобасында academia.kz онлайн жобасының негізін қалаушы Нартай Әшім пандемия жағдайында қашықтан оқу қалай жүзеге асырылып жатқанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады.

Бүгін, 5 қараша сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналында көре аласыздар. Спикер "Пандемия. Технологиялар. Білім" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ маман Bilimland платформасының жұмысы туралы айтып береді. 

Нартай Әшім - academia.kz мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған жобаның негізін қалаушы жетекшісі, Bilimland электрон білім беру платформасының жетекшісі, ғылым магистрі.

Жүргізуші - Майра Төлепберген.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.