Алматыда журналистер аллеясы ашылды

Алматы қаласы орталығынан журналистер аллеясы ашылды. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аллеяға ағаш отырғызып, көркіне көрік қосты.

Төртінші билік өкілдеріне арналған аллея Абай көшесі бойындағы Жароков пен Гагарин көшелерінің ортасынан орын тепкен. Мамандар жел ыңғайына қарай осы ағаш түрін отырғызуға кеңес берген.

Іс-шараны карантин талаптарын сақтай отырып, қалалық Жасыл экономика басқармасы ұйымдастырды.

- Талшын ағашының тамыры қатты тереңге кетпейді. Сондықтан келешекте бұл жердегі инженерлік желілер, су, электр желілері, телефон желілері жұмысына кедергі келтірмейді. 50 жылдан асық өсіп жайқалады. Талшын ағашының діңі берік болады, ішінен шірімейді. Егер қурап, тіршілігін тоқтата бастаса біздің мамандар бірден шара қолданады, - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Аллеядағы ағаш егуге 11 редакцияның журналистері атсалысты. Олардың қатарында Tengrinews.kz, Vesti.kz және Massaget.kz сайттары да бар. 30-ға жуық талшын ағашын егіп, суарды. Ал жалпы шараға 165 журналист қатысты.

Tengrinews.kz, Vesti.kz және Massaget.kz сайттарының журналистері бас қосып, таза ауада, тамаша көңіл-күймен талшын ағашын ектік. Қаламыздың көркеюі үшін жасалған қарапайым болса да, пайдалы игі іс. Деніміз сау болып, қаламызды көркейтуге күш сала берейік, - деді Effective Media Liaison ЖШС (Massaget.kz, Tengrinews.kz, Vesti.kz) директоры Сұңқар Қарабалин.

Журналистер аллеяға барлығы 175 түп талшын ағашын отырғызды.