ER-BATYR: Africa Eco Race-те жеңіске жеткен қазақстандық жарыстар, өмірі және балалары туралы айтады

ER-BATYR: Africa Eco Race-те жеңіске жеткен қазақстандық жарыстар, өмірі және балалары туралы айтады
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – Africa Eco Race ралли-марафонында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық Қанат Шагиров. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен жарыстар, өзін-өзі жеңу, өмірге деген көзқарасы және әкесі көрсеткен үлгі-өнеге туралы әңгімелеседі. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ оны 16:30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.  Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

2016 жылдың қаңтарында Қанат Шагиров пен екінші штурман Виталий Евтехов Mobilex Racing командасының атынан Toyota Overdrive-та өнер көрсетіп, Africa Eco Race 2016 ралли-марафонының жеңімпазы атанды (дәстүрлі Дакар бағыты).

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім, қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжехан және "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев жоба қонақтары болған. 

Н. Үсенова