Экология министрі жануарларды қорғау күнін еске салды

 Экология министрі жануарларды қорғау күнін еске салды
Фото: sputniknews.kz

4 қазан – Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм  Мырзағалиев Twitter парақшасында бұл күні табиғатты қорғаушылар жануарлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салатынын жазды.

– Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз. Жағдайды өзгерту үшін ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігіне "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң  жобасын әзірлеуді тапсырды, – делінген жазбада.

Министр қатаң адамгершілік сезімін қалыптастыру маңызды екенін түсінеді.

– Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімлерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек, – деді М. Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтіледі.

Қ. Слямбек