Мемлекет басшысы мұғалімдерді мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы мұғалімдерді мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

- Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді, - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Сондай-ақ премьер-министр Асқар Мамин де мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.

- Бүгінгідей күрделі кезеңде мұғалімдердің біздің қоғамның тыныс-тіршілігіндегі теңдессіз мәні мен ауқымды рөлі айқын көрініс беріп отыр. Әсіресе, қазіргі жағдайда ұстаздар қауымы ел келешегінің тізгінін ұстайтын өскелең ұрпақты зор ыждағаттылықпен білім нәрімен сусындатуды жалғастыра отырып, үлкен жауапкершілікті көтерудің және борышын адал өтеудің жоғарғы үлгісін көрсетіп, аз уақыт ішінде оқытудың жаңа форматына бейімделіп үлгерді, - делінген үкімет басшысының құттықтауында.

Қ. Слямбек