Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының VIII съезі басталды

Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының VIII съезі басталды

Бүгін Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының кезекті VIII Съезі басталды. Аталмыш шараға "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-ның басқарма төрағасы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Болатбек Бимендеұлы Баймаханов та қатысуда, - деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

Коронавирус инфекциясына байланысты съезд алғаш рет онлайн режимде өткізілуде. "Коронавирус инфекциясы жағдайында эндоскопиялық хирургиядағы инновациялар мен қауіпсіздік" тақырыбындағы іс-шараның басты мақсаты – инновациялық эндохирургиялық технологияларды енгізу және пайдалану кезінде қауіпсіздікті арттыру, асқынулар жиілігін төмендету, емдеу нәтижелерін жақсарту және науқастардың өмір сүру сапасын арттыру.

3 қазанға дейінгі жалғасатын съездің бағдарламасы Қазақстандағы және шетелдегі түрлі қалалардың ота жасау бөлмелерінен YouTube желісі арқылы трансляцияларды қамтиды. Операцияларды сарапшы-операторлар диалогтық режимде түсіндіріп отыратын болады.

Аталмыш шараға "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-ның басқарма төрағасы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Болатбек Бимендеұлы Баймаханов және осы Орталықтағы АІЖ және эндокринді ағзалар бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Абайұлы Шөкебаев қатысты.

Орталық басшысы Болатбек Бимендеұлы Баймаханов "Қазақстандағы лапароскопиялық гепатопанкреатодуоденальды резекцияның алғашқы тәжірибесі", "2D лимфодиссекциясы бар қатерлі ісік кезіндегі асқазанның лапароскопиялық резекциясы", "Бауыр эхиноккозы кезіндегі лапароскопиялық перицистэктомия", Әділ Абайұлы Шөкебаев "Ахалазия кардия кезінде Дору бойынша фундопликациясы бар лапароскопиялық кардиомиотопия" тақырыбында бейнесессия арқылы баяндама жасап, өз тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.

Инновациялық технологиялар мен әдістемеге ерекше назар аударуға мүмкіндік беретін бұл Съезд коронавирустық инфекция жағдайында хирургтың жұмысын ескере отырып, қауіпсіздіктің артуына ықпал етеді.

Н. Үсенова