Заманауи ұстаздың портреті қандай болуы керек? Сарапшының пікірі

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай заманауи ұстаз қандай болу керегін, білім жүйесіндегі жаңашылдықтың тиімділігі, оқуды жеңілдетугі тиімді құралдар туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді.

Жаңа шығарылымды бүгін, 1 қазан сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Заманауи ұстаздың портреті" тақырыбында ойын айтады.

Шәкәрім Сейсенбай - еліміздегі ең жас мектеп директоры. Сондай-ақ ол білім беру саласының магистрі, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы.

Жүргізуші - Майра Төлепберген.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.