Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

i-balaqai жобасының эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова ата-аналарға қашықтан оқыту кезінде балаларға күйзелісті жеңуге көмектесу бойынша практикалық кеңестер береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир әр бейсенбі сайын сағат 20:00-де шығады.

Бүгін, 24 қыркүйекте, сағат 20.00-де Tengri TV YouTube-каналынан қараңыздар. Маман "Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек?" тақырыбын қозғайды.

Сандуғаш Құдайбергенова - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы және "Балажан" балабақшасының психолог-консультанты.

Эфир қонағы 2020 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті төсбелгісімен марапатталған.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. I-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.