ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады

ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы − белгілі қоғам қайраткері және әлеуметтік кәсіпкер Рауан Кенжеханұлы. Жүргізуші Тимур Балымбетовке @balukz берген сұхбатында ол қашықтан оқытуға дайындық, ана тілі алдындағы борыш, билікке деген көзқарас туралы, сондай-ақ ата-аналар өз балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінудің қаншалықты маңызды екені туралы әңгімелейді.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Рауан Кенжеханұлы − қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі. Үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударатын "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" ұлттық жобасын жүзеге асыратын "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры.

ER-BATYR − ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім болған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?