ER-BATYR жобасында Тәуекел Мүсілім: Анасына құрмет, жарымен қарым-қатынасы және қиынға соққан актерлік ролдер туралы айтады

ER-BATYR жобасында Тәуекел Мүсілім: Анасына құрмет, жарымен қарым-қатынасы және қиынға соққан актерлік ролдер туралы айтады
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы - танымал актер Тәуекел Мүсілім. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен ер адамның тәрбиесінің жетіспеушілігі оның өміріне қалай әсер еткені, неліктен анасын құрметтейтінін және оған неліктен таңданатынын, өмірде ұялшақтықты қалай жеңгенін және қандай ролдерде ойнаған қиынға соққаны жайлы әңгіме өрбітеді. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер. Сондай-ақ шығарылымды Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан сағат 16:30-да көре аласыздар. Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. 

Жобаның бұған дейінгі қонақтары: заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов, альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов және танымал футболшы Давид Лория.

Н. Үсенова