ER-BATYR жобасында Давид Лория: футбол болашағы, отбасы және ерлер достығы туралы

ER-BATYR жобасында Давид Лория: футбол болашағы, отбасы және ерлер достығы туралы
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы – танымал футболшы Давид Лория. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен отбасының маңызы, неліктен үнемі үйге асығатыны туралы, сүйікті ісіңмен айналысудың маңыздылығы және отандық футболдың болашағы жайлы әңгіме өрбітеді. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер. Сондай-ақ шығарылымды Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан сағат 16:30-да көре аласыздар. Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. 

Жобаның бұған дейінгі қонақтары: заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов, альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев,  Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов және "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов.

Н. Үсенова