Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли жазды.

- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, - деді Берік Уәли.