25 тамыздан бастап бірқатар жолаушылар пойызы жолға шығады

25 тамыздан бастап бірқатар жолаушылар пойызы жолға шығады
Фото: Мgorod.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Нұр-Сұлтан – Алматы, Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытындағы жолаушылар пойызы қайта жолға шығатынын мәлімдеді.

"Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" вокзалынан шығып, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыға жетеді және сол күндері кері бағытта жолға шығады. Нұр-Сұлтанға 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте келеді.

Сонымен бірге "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Өскемен-1" бағытындағы пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" вокзалынан шығып, 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменге жетеді. Содан кейін бірден кері бағытқа жөнелтіліп, Нұр-Сұлтанға 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте оралады.

Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты 105 анықтама телефоны арқылы білуге болады.

Massaget