Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?

Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Фото: Dribbble.com/Folio Illustration Agency

Биыл магистратураға өтініш білдіргендер кешенді тестті электрон форматта тапсырады. Тестілеу ережесіне қандай өзгеріс енгені adilet.zan.kz сайтында жарияланды.

Ереже:

1) Тестілеу 17 тамызда басталады;

2) Онлайн-аппеляцияны нәтиже шыққаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады;

3) Компьютермен тест тапсырып жатқанда белгілі бір сұраққа жауап бермей тұра тұруға, келесі сұраққа өтуге болады;

4) Тестілеудің әділ өтуін комиссия камера арқылы қадағалайды;

5) Тестілеуге берілетін уақыт:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут;

оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 5 минут;

араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут.";

6) Өз орнына басқа біреуді жіберіп, тыйым салынған заттарды алып кіргендер емтиханға жіберілмейді. Тыйым салынған заттар: шпаргалка, оқу құралдары, түрлі девайстар мен құлаққап, плеер, модем, радиоэлектрлі байланыс құралдары (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G).

Биыл пандемияға байланысты талапкерлердің шет тілі сертификаттары кеш келіп немесе көбі үлгермей жатыр. Министрлік халықаралық сертификаттарды 25 тамызға дейін қосымша тапсыруға мүмкіндік берді.

Massaget