Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелді

Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова маска тағу ережесін анықтайтын жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Учет.kz.

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы бекітілді.

"Жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және тағы басқаларында), сондай-ақ көлік пен көшеде барлық адам қорғаныш маскаларын тағуға міндетті", - делінген құжатта.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова маска тағу міндетті екенін, бұл норма 26 шілдедегі 43-ші қаулыда қабылданғанын айтқан. 

 

 

Н. Үсенова