Еліміздің басым бөлігінде өткінші жауын жауады

Еліміздің басым бөлігінде өткінші жауын жауады
Фото: kubnews.ru/

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ертең өткінші жаңбыр жауып, найзағайлы дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, тек еліміздің оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Алматы, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. 

Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық, Маңғыстау облысында өте қатты ыстық сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Т. Есқали