Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілді

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілді
Фото: khakasia.info

Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Нұр-Сұлтандағы қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Бүгін сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 2 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантин шаралары болады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 23.00-ден кейін елорда тұрғындары мен қонақтарының жаяу жүріне тыйым салу;
- спорттық жаттығуларды тек жеке тəртіппен жəне тек ашық ауада өткізу;
- спорттық жарыстар, командалық ойындар (футбол, волейбол, баскетбол жəне т.б.) қаланың арнайы жабдықталған көше алаңдарында өткізуге тыйым салу;
- Жеке 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға жəне рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салу;
- 65 жастан асқан адамдардың қала жəне басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруін шектеу;
- жұмыс орнынан жəне кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда жəне саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге жеке-жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етіледі;
- қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге жəне адамдар көп жиналатын объектілерге бару кезінде қоғамдық орындарға барғаннан кейін маскаларды кию жəне антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды. Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласының аудандық əкімдіктері арнайы белгілеген орындарда мал союды ұйымдастыруға жəне өткізуге тыйым салынды.

Т. Есқали