Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минут үнсіздік жарияланды. Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да лауазымды тұлғалар коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты.

Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және де еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары қатысты. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.

Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті.

Бөлісу: