Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады

Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.

БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді.

ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87) және т.б.елдер орналасқан.

Осы жылғы рейтингте Португалия 35-ші, Италия 37-ші, Бельгия 41-ші, Қытай 45-ші, Малайзия 47-ші орында тұр. 

Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан10 позицияға жоғарылады.

Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде (EGDI) үш компонент негізге алынады: электрондық қызметтерді (OSI), адами капиталды (HCI), телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (TII).

2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда электрондық үкіметті дамыту индексі (EGDI) 2020 жылы 10.2%-ға, онлайн қызметтер бойынша 6,38%-ға, адами капитал бойынша 5.6%-ға өсті.

Жоғары 22.7% көрсеткіш телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында байқалды. Сонымен қатар, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды. Рейтингте бұл көрсеткіш 1% деп бағаланса, Қазақстанның көрсеткіші 0,92% деп бағаланды.

Электрондық үкіметті қолдануды дамыту бойынша (E-participation) Қазақстан 16 позицияға көтеріліп, 26-орынға шықты. Бұл индекс азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын, мемлекет қызметінің ашықтығын көрсетеді, бұл "естуші мемлекет"саясатына сәйкес келеді.

Жергілікті жерлерде онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Алматы қаласы рейтингке қатысқан әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында.

БҰҰ-ның есебі

Қазақстанның бұл рейтингтегі позициясының жоғарлауы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Қазақстанда соңғы 2 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жаңа технологиялар туралы заңдар қабылданып, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің саны 83%-ға дейін өсті, телеграм-бот арқылы 26 қызметті алу мүмкіндігі пайда болды және eGovmobile жаңа мобильдік қосымшасы іске қосылды. Елімізде қызметтерді проактивті түрде ұсыну басталды, "цифрлық құжаттар" қызметі іске қосылды, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)  қашықтан алу форматына көшірілді.

Адами капитал туралы айтатын болсақ, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында мектептерде информатика сабағы 1-сыныптан бастап енгізілді, ЖОО-лар академиялық еркіндікке ие болды, "Астана Хаб" индустриалды паркінде alem бағдарламалау мектебі, AХҚО бюросы базасында QWANT жаңа технологиялар мектебі және т.б. іске қосылды.

Нұр-Сұлтан қаласында "Astana IT University" ашылды, ал елімізде IT-мамандықтар бойынша берілетін грант саны 3 есеге артты.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымға келетін болсақ, биыл екі ірі жоба аяқталып, соның арқасында ел халқының 99,3% жоғары жылдамдықты мобильді Интернетке қосыла алады. Атап айтқанда, МЖӘ жобасы аясында байланыс операторлары 20 мың км астам оптикалық байланыс желісін жүргізеді, бұл Нұр-Сұлтан қаласынан Нью-Йорк қаласына барып-қайтудағы жолдың қашықтығына тең.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезіндегі жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезіндегі жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала