Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды

Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Фото: bilim-all.kz

Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1-5 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-20 тамыз аралығында қабылданады. 3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өткізіледі. Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Қ. Слямбек