Балалар емтиханнан қалай өтуі керек? i-balaqai жобасында − Николай Негай

Балалар емтиханнан қалай өтуі керек? i-balaqai жобасында − Николай Негай
Фото: tengrinews.kz

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай ата-ананың стреске ұшырауы балаға қалай әсер ететінін түсіндіреді. Сондай-ақ ол емтихан кезінде дистресс-синдромын қалай азайтуға болатынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған еді. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 2 шілде сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Емтихан. Бала үшін стресс пе, әлде ата-ана үшін бе?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Николай Негай "психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы" РҚБ вице-президенті. Ол сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын әзірлеушілердің бірі.

Жүргізуші - республикалық "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің негізін қалаушы, "Мама в теме" жобасының авторы, бақытты балаларды тәрбиелеу бойынша нұсқаушы Асхат Абжанов.

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан.

Н. Үсенова