Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды – ҚР Президенті

Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды – ҚР Президенті
Фото: akorda.kz

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

- Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды Президент.

Н. Үсенова