Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады?

Биыл шілдеде 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, сенбі мен жексенбі күндерін санамағанда қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні елорда күні атап өтіледі. Мереке дүйсенбіге түскендіктен үш күн қатарынан демалыс болады. 

Сондай-ақ 31 шілде Құрбан айт мейрамына орай бір күн демалыс беріледі. Ол күн жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.