Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста ескерту жарияланды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста ескерту жарияланды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста ескерту жарияланды

Еліміздің бес өңірінде 28 маусымда күшті жел мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз күн күркіреп, оңтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Петропавлда күндіз найзағай мен дауыл соғады. Солтүстік-батыс желі оңтүстік-батысқа ұласып, жылдамдығы 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Көкшетауда күндіз батыстан және оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді деп болжады.

Еске салайық, бірқатар қалада осы демалыс күндері карантин шаралары күшейтілді. Қалалықтарға мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес берілді, сонымен қатар, тіршілікті қамтамасыз ететін салалардан басқа барлығының жұмысы тоқтатылды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: pixabay
Қосылған күні: 27 маусым, 17:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.